Шағымдар мен апелляциялар

«Т-Стандарт» ЖШС сертификатталған, мекемеге және/немесе/өнімге шағым беру почта бойынша немесе электронды мекен жайы бойынша
«Т-Стандарт» ЖШС-де шағымдар мен апелляцияларды басқарудың келесі тәртібі бекітілген:

«Т-Стандарт» ЖШС-не немесе оның бөлімшесіне (Ө СРБ, МЖ СРБ, ССО, «Атырау» филиалы СЗ) ұсынылған шағым/апелляция жазбаша рәсімделген және ұйымның құрылымдық бөлімшесінің шешіміне/қызметіне қатысты ұсынушының қарсылықтары себептерінің негіздемесін немесе даулы мәселенің мәнін сипаттауды қамтуы тиіс. Мүмкіндігінше, ұсынылатын шағымға/апелляцияға шағымдардың негізділігін түсіндіретін және шағымда/апелляцияда қамтылған фактілерді растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс. «Т-Стандарт» ЖШС анонимді шағымдарды қарастырмайды (шағым берген тұлғаны анықтау мүмкін болмайтын).

Шағым/апелляцияны тіркеу түскен күні жүзеге асады. Тіркелген шағым/апелляция «Т-Стандарт» ЖШС жоғарғы басшылығына қарауға жіберіледі.
Шағымдар мен апелляциялар жөніндегі комитеттің хатшысы ұсынушыны оның шағымын/апелляциясын алғаны туралы хабардар етеді (телефон арқылы, хат алмасу арқылы), сондай-ақ шағымды/апелляцияны қарау барысы туралы хабарлау үшін тиісті байланыстар мен ақпарат ұсыну нысандарын айқындайды.

«Т-Стандарт» ЖШС жоғары басшылығы талаптың негізділігі (апелляция немесе шағым шынымен «Т-Стандарт» ЖШС немесе оның құрылымдық бөлімшесінің (Ө СРБ, МЖ СРБ, ССО, «Атырау» филиалы СЗ) қызметімен байланысты екендігін анықтау), маңыздылығы, қауіпсіздігі, күрделілігі, ықтимал салдарлары, сондай-ақ шағымды қарау бойынша шұғыл іс-қимылдарды қабылдау қажеттілігі мен мүмкіндігіне бағалау жүргізу сияқты өлшемшарттар тұрғысынан шағымдарды бастапқы бағалауды жүргізеді.

Бастапқы бағалау нәтижелері бойынша келесі әрекеттер жүргізіледі:

Жауап «Т-Стандарт» ЖШС бас директоры қол қойған ресми хат түрінде рәсімделеді және құрамында:

Егер шағым/апелляция беруші ұсынылған іс-шаралармен келіссе немесе сәйкес хат жіберілген уақыттан 15 күнтізбелік күн ішішде одан жауап түспесе шағым/апелляция әрекеті жабылады. Жабылғандығы жөніндегі ақпарат шағымдар мен апелляциялар жөніндегі Комитет хатшысымен журналда тіркеледі. Шағым/апелляцияларды беруші ұсынылған іс-әрекеттермен хат түрінде келіспеген жағдайда, «Т-Стандарт» ЖШС жоғары басшылығы белгіленген тәртіппен шағымдар мен апелляциялар бойынша Комитет қалыптастырады және оған тиісті шағым/апелляцияны қаралымға жібереді.

Комитет хатшысы ұсынушыны Комитет коммисиясының тағайындалуы және оның шағым/апелляциясының жоспарланған қарау мерзімі туралы хабардар етеді.

Комитет шағымдар мен апелляцияларды қарау мен шешім қабылдау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Мүдделі тараптар келісімі бойынша қарау мен шешім қабылдаудың басқа мерзімдеріне жол беріледі.

Шағымдар мен апелляциялар бойынша Комитет жүзеге асырады:

Талдау тиісті өнімге немесе көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды айқындайтын нормативтік құжаттардың, сәйкестікті растауды жүргізу тәртібінің негізінде жүргізіледі.

Шағымды немесе апелляцияны талдау кезінде барлық мүдделі тараптар тыңдалуы керек. Комитет қаралатын мәселеде құзыретті тәуелсіз тұлғалардың пікірін тыңдай алады.

Шағымдар мен апелляция жөніндегі комитеттің шешімі талқылауға қатысқан тараптарға беріледі.

«Т-Стандарт» ЖШС менеджмент жүйесінде немесе оның бөлімшесінде (Ө СРБ, МЖ СРБ, ССО, «Атырау» филиалы СЗ) кез келген сәйкессіздіктердің болуы туралы тұжырымдары бар шағымдар мен апелляциялар жөніндегі комитеттің шешімдерін «Т-Стандарт» ЖШС жоғары басшылығы қарайды.