Өнімді сертификаттау
Қазақстанда өндірілетін немесе жеткізілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі елдің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін қамтамсыз ету және анықтау құралдардың бірі оның сәйкестігін растау болып табылады.
Қазақстанда сертификаттау қызметтерінің заңдық және нормативтік-құқықтық негізі болып 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және ҚР техникалық регламенттері табылады.
Қазақстан Республикасының Кедендік Одаққа кіруімен (бүгін бұл Еуразиялық экономикалық одақ) сертификаттау саласы сонымен қатар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ Келісімшартымен және Еуразиялық экономикалық одақ/Кедендік Одақ (ЕАЭО/КО) техникалық регламенттерімен реттеледі.
ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАН
«Т-Стандарт» ЖШС өнімді сертификаттау жөніндегі органы сәйкестікті растау бойынша қызметтерді 1999 жылдан бері жүргізіп келеді.
Осы жылдар ішінде бізбен өнімнің сәйкестігін растау және менеджмент жүйелері бойынша бірегей тәжірибе алынды. Компанияда білікті мамандар мен сарапшылардың мықты командасы қалыптасты.
«Т-Стандарт» ЖШС Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) техникалық регламенттеріне, сонымен қатар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне өнімнің сәйкестігін растау құқығына «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттелген және сертификаттау бойынша ЕАЭО органдарының бірыңғай реестрына қосылған. 2019 ж. 08.09 № KZ.O.02.0525 аккредиттеу аттестаты.
Біздің тұрақты клиенттеріміздің ішінде – Қазақстан Республикасының мұнай-газ және басқа да жобаларына жабдықтар мен материалдар жеткізетін ірі шетелдік кәсіпорындар бар.
Бүгінде, «Т-Стандарт» ЖШС Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі қызметтер нарығында неғұрлым табысты және серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып табылады және аккредиттеудің ең кең салаларының біріне ие.
- құзыреттілік
- жауапкершілік
- өз міндеттерін орындаудағы ұқыптылық
КО ТР 001/2011 «Теміржол жылжымалы құрамы қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 002/2011 «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігі қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 003/2011 «Теміржол көлігі инфрақұрылымы қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 004/2011 «Төмен вольтті жабдық қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 010/2011 «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 012/2011 «Жарылысқа қауіпті орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 014/2011 «Автокөлік жолдарының қауіпсіздігі»;
КО ТР 016/2011 «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 019/2011 «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі»;
КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімдері қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»;
КО ТР 032/2013 «Артық қысымда жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»;
ЕАЭО ТР 037/2016 «Электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы»;
ЕАЭО ТР 043/2017 «Өрт сөндіру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарға қойылатын талаптар»;
ҚР ТР «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», №1202 ҚР ҮҚ бекіт.
ҚР ТР «Металл конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» №1353 ҚР ҮҚ бекіт.
ҚР ТР «Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» №1398 ҚР ҮҚ бекіт.
ҚР ТР «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», № 439 ҚР ІІҚМ Бұйрығымен бекіт.
ҚР ТР «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» 2008 ж. 12.22 №1198 ҚР ҮҚ бекіт.
ҚР ТР «Ағаш конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», 2008.12.26 №1265 ҚР ҮҚ бекіт.
ҚР ТР «Синтетикалық жуу құралдары мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», 2008 ж. 03.04 № 217 ҚР ҮҚ бекіт.
Сондай-ақ Т-Стандарт ЖШС СРҰ аккредиттеу саласына техникалық регламент жоқ, бірақ Қазақстан Республикасында ерікті сертификаттауға жататын өнім кіреді:
– кернеуі 1000 В жоғары электр техникалық өнім.
СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ НЫСАНДАРДЫҢ БІРІ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
Сертификаттау – бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растау рәсімі, ол арқылы аккредиттелген сертификаттау жөніндегі орган өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық регламенттердің және/немесе стандарттардың талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады.
Сәйкестікті декларациялау – бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растау рәсімі, ол арқылы өнімді дайындаушы немесе өнім беруші өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық регламенттердің және/немесе стандарттардың талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Өнім, егер оған ҚР немесе ЕАЭО/КО техникалық регламенттері қолданылатын болса, сондай-ақ өнім Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 «Бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің бірыңғай тізбесі» шешімі қолданылатын болса, міндетті сертификаттауға/декларациялауға жатады.
Өнім міндетті сертификаттауға/декларирлеуге жатады, егер оған ҚР техникалық регламенттері немесе ЕАЭО ТР/КО тарайтын болса, сонымен қатар егер өнім Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 «Бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің бірыңғай тізбесі» шешімінің қолданылуына түсетін болса».
Сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік декларациялары, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын құжат ретінде тең заңды күшке ие және өнімнің сәйкестігін растаудың әр түрлі формалары болып табылады.
Өнімнің әр түрі үшін сәйкестікті растау формасы (сертификат немесе декларация) техникалық регламентке сәйкес анықталады.
Өнімді сертификаттау/декларирлеу бойынша жұмыстар төлемі Өтініш беруші шарттық негізде жүзеге асырылады.
ЕАЭО сертификаты Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге берілуі мүмкін. Өтініш беруші өндірушілер, сатушылар/жеткізушілер, сондай-ақ тиісті шарт негізінде шетелдік өндірушінің функцияларын орындайтын кәсіпорындар бола алады.
ЕАЭО сәйкестік сертификаты – бұл, Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО)/Кедендік одақ (КО) техникалық регламенттерінің талаптарына сертификатталынатын бұйым сәйкестігін куәландыратын құжат.
ЕАЭО сәйкестік сертификаттары ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қолданылады және ЕАЭО-ға қатысушы елдерде ЕАЭО сертификаты берілген талаптар бойынша ұлттық сәйкестік сертификаттарын алу үшін қайта сертификаттауды жүргізуді талап етпейді.
ЕАЭО сәйкестік сертификаты тауарларды әкелу (импорттау) үшін, сондай-ақ оларды ЕАЭО қатысушы елдерінің (Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) аумағында өткізу және айналысқа жіберу үшін талап етіледі.
Сертификат белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді және сертификаттау жөніндегі органның мөрімен расталады. Сертификаттау жөніндегі органда ресімделген барлық сертификаттар міндетті тіркеуден өтеді және берілген сәйкестік сертификаттарының бірыңғай электрондық тізіліміне енгізіледі.
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
ЕАЭО сәйкестік жөніндегі декларациясы – бұл Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО)/Кедендік Одақ (КО) техникалық регламенттерінің талаптарына декларацияланатын өнімнің сәйкестігін куәландыратын құжат.
ЕАЭО сәйкестік жөніндегі декларациялар ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қолданылады және ЕАЭО-ға қатысушы елдерде ЕАЭО декларациясы ресімделген талаптар бойынша ұлттық сертификаттарды/сәйкестік туралы декларацияларды алу үшін сәйкестікті қайта растауды жүргізуді талап етпейді.
ЕАЭО сәйкестік жөніндегі Декларациясы тауарларды әкелу (импорттау) үшін, сондай-ақ оларды өткізу және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің (Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) аумағында айналысқа жіберу үшін талап етіледі.
Сәйкестік жөніндегі декларациясы А4 форматындағы ақ қағазда ресімделеді және өтінім берушінің мөрімен расталады.
Барлық ресімделген декларациялар сертификаттау бойынша органында міндетті тіркеуден өтеді және сәйкестік туралы декларациялардың Бірыңғай электрондық тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты (ҚР) – бұл ҚР техникалық регламенттерінің немесе ҚР басқа нормативті-құқықтық құжаттары талаптарына сертификатталатын өнімнің сәйкестігін куәландыратын құжат.
ҚР сәйкестік сертификаттары тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылады.
СЕРТИФИКАТТАУ КЕЗІНДЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Сертификаттауға өтінім берілген өнім туралы ақпарат (өнімнің атауы, мақсаты, түрі/ моделі, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, өндіруші, елі)
- Өнімнің пайдалану құжаттары (төлқұжат, пайдалану бойынша басшылық, каталог)
- Зауыттық сынақтар туралы есептер, хаттамалар, өнім сынақтары.
- Материалдар мен жиынтықтаушы бұйымдарға сәйкестік сертификаттары немесе оларды сынау туралы есептер (жиынтықтаушы жабдық үшін).
- Өнім сәйкестендіріліп өндірілетін нормативті құжаттардың аталуы және белгіленуі
- Өнімді сақтау шарттары мен мерзімдері, сондай-ақ өнімнің қызмет ету мерзімі туралы ақпарат
- Өндірушінің заңды және нақты мекен-жайлары туралы ақпарат
- ИСО 9001 стандартына өндірушінің сапа менеджмент жүйелері сәйкестік сертификаты (болған жағдайда)
- өнім таңбасының үлгісі (мысалы, таңбалау тақтасының сызбасы немесе фото)
- Түсіндірме жазбасы/қауіпсіздік негіздемесі (тәуекелдерді талдауды қамтитын құжат, сондай-ақ өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ең аз қажетті шаралар туралы конструкторлық, пайдалану, технологиялық құжаттамадан алынған мәліметтер) (Кедендік Одақ техникалық регламенттеріне жататын өнімдер үшін)
- Өтінім беруші жөніндегі ақпарат және құжаттар (мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік, өтінім берушінің заңды және нақты мекенжайы жөніндегі ақпарат, телефон/факс, e-mail, банктік деректемелері: есеп айырысу шоты, БИК, Кбе, БСН, компания басқарушысының ТАӘ және лауазымы)
- КО техникалық регламенттерінің талаптарына өнімнің сәйкестігіне өтінім берушінің жауапкершілігі жөніндегі өндірушімен өтінім беруші арасындағы келісімшарты (Кеден одағының техникалық регламенттеріне жататын өнімді сериялық сертификаттау кезінде)
- Тауарға ілеспе құжаттар (инвойс немесе өнімді жеткізу келісімшарты, кедендік декларация) – партия/бірлік өнімді сертификаттау кезінде
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН АЛУ РӘСІМДЕРІ
- өтініш берушінің сертификаттау бойынша органға өтінім беруі (өтініммен бірге белгілі бір тізімге сәйкес құжаттар ұсынылады);
- сертификаттау бойынша жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін анықтау мақсатында ұсынылған құжаттарды алдын ала талдау және өтінімді органның қарауы;
- өтінім берушімен жұмыстарды жүргізу шарттарын мақұлдау және келісімшарт жасасу;
- өнімді сәйкестендіру және/немесе үлгілерді іріктеу (сертификаттау схемасына байланысты);
- аккредиттелген сынақ зертханасында өнім үлгісін сынау (егер бұл сертификаттау схемасында қарастырылса)
- өндіріс жағдайын талдауды жүргізу (егер сертификаттау схемасында қарастырылса);
- сынақ нәтижелерін, өндіріс жағдайы талдауын, ұсынылған құжаттарды қарау және сәйкестік сертификатын беру жөніндегі шешімді қабылдау;
- ресімдеу, тіркеу және сәйкестік сертификаттарын беру;
- Өтінім беруші тек ҚР-да, немесе басқа ЕАЭО қатысушы-мемлекетінде тіркелген заңды тұлға ғана бола алады. Бұл заңды тұлға өтінім берілген өнімді дайындаушы немесе жеткізуші болуға тиіс немесе өтінім берушінің ЕАЭО аумағында дайындаушының уәкілетті тұлғасы болып табылатынын және ЕАЭО аумағына жеткізілетін дайындаушының өнімінің ЕАЭО/КО тиісті ТР талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты екенін растайтын ЕАЭО елдерінің аумағында емес орналасқан дайындаушымен шарты болуға тиіс.
ҚР СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН АЛУ РӘСІМДЕРІ
- сертификаттау бойынша жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін анықтау мақсатында ұсынылған құжаттарды алдын ала талдау және өтінімді органның қарауы;
- өтінім берушімен жұмыстарды жүргізу шарттарын мақұлдау және келісімшарт жасасу;
- өнімді сәйкестендіру және/немесе үлгілерді іріктеу (сертификаттау схемасына байланысты);
- аккредиттелген сынақ зертханасында өнім үлгілерін сынау (егер бұл сертификаттау схемасында қарастырылса);
- өндіріс жағдайын талдауды жүргізу (егер сертификаттау схемасымен қарастырылса);
- сынақ нәтижелерін, өндіріс жағдайын талдау, ұсынылған құжаттарды қарау және сәйкестік сертификаттарын беру жөніндегі шешімді қабылдау;
- ресімдеу, тіркеу және сәйкестік сертификаттарын беру;
- сертификатталған өнімнің жыл сайынғы инспекциялық бақылауын жүргізу (сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде).
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУ РӘСІМДЕРІ
- өтініш берушінің сертификаттау органына өтініш беруі (өтініммен бірге белгілі бір тізбеге сәйкес құжаттар ұсынылады);
- мәлімделген өнім декларациясын тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін анықтау мақсатында ұсынылған құжаттарды алдын ала талдау және өтінімді органның қарауы;
- өтінім берушімен жұмыстарды жүргізу шарттарын мақұлдау және келісімшарт жасау;
- өнімді сәйкестендіру;
- ұсынылған құжаттарды түпкілікті талдау және сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдау;
- ресімдеу, тіркеу және сәйкестік жөніндегі декларацияны беру.
- Өтінім беруші тек ҚР-да, немесе басқа ЕАЭО қатысушы-мемлекетінде тіркелген заңды тұлға ғана бола алады. Бұл заңды тұлға өтінім берілген өнімді дайындаушы немесе жеткізуші болуға тиіс немесе өтінім берушінің ЕАЭО аумағында дайындаушының уәкілетті тұлғасы болып табылатынын және ЕАЭО аумағына жеткізілетін дайындаушының өнімінің ЕАЭО/КО тиісті ТР талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты екенін растайтын ЕАЭО елдерінің аумағында емес орналасқан дайындаушымен шарты болуға тиіс.
ТАПСЫРЫС/ӨТІНІМ БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
1.1 Нәтижелеріне қарамастан өнімнің сәйкестігін растау бойынша жүргізілген жұмыстарға байланысты барлық шығындарды белгіленген тәртіпте төлеу.
1.2 «Т-Стандарт» ЖШС (СРО) сертификаттау жөніндегі органы оған жеткізген тиісті өзгерістерді іске асыру және жыл сайынғы инспекциялық бақылауды қоса алғанда, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында белгіленген талаптарды сақтау және орындау.
1.3 Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда бұл фактіні бейтараптылыққа төнген қауіп алдын алу мақсатында СРО назарына жеткізу.
1.4 Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдайларды жасау, құжаттар мен жазбаларды қарауды, сондай-ақ тиісті жабдыққа, тұрғылықты жеріне, территориясына, персонал мен тапсырыс берушінің қосалқы мердігерлеріне қол жеткізуді қоса алғанда.
1.5 Өнімге арналған нормативтік құжаттарда көзделген мөлшерде сынақтар үшін өнім үлгілерін Орындаушыға беруге (егер бұл сәйкестікті растау жөніндегі схемада көзделген жағдайда).
1.6 Қажет болған жағдайда өнімді бағалау процессінде СРО тарапынан бақылаушылардың қатысуы үшін мүмкіндікті ұсыну
1.7 Сәйкестікті растау бойынша жұмыстардың оң нәтижесі кезінде:
— ЕАЭО ТР/ КО ТР/ ҚР ТР сәйкес белгілеген өнімді таңбалау және буып-түю жөніндегі талаптарды сақтау;
— сәйкестікті растау процедурасынан өткен өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына жауапты болу, өнім сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
— сәйкестік сертификатын тек сертификатта көрсетілген НҚ пен ТР талаптарына өнімнің сәйкестігін растау үшін қолдану;
— сәйкестік сертификатын СРО туралы теріс пікір тудыратындай етіп пайдаланбау;
— өз өнімінің сәйкестігін растауға қатысты жаңылыстыратын және/немесе негізсіз деп санауға болатын ешқандай мәлімдеме жасамау;
— ақпарат құралдарында (құжаттарда, брошюраларда, жарнамалық материалдарда) сәйкестік сертификатына сілтеме жасау кезінде СРО талаптарын сақтау.
1.8 Есеп жүргізу, ұсынылған рекламациялар мен шағымдар бойынша тиісті шараларды қарау және қабылдау, СРО сұрауы бойынша олар туралы ақпарат беру.
1.9 СРО 10 күн мерзімде өнімнің конструктивтік және технологиялық өзгерістері және оны өндіру мен таңбалау процесі, сондай-ақ өзінің заңды мекенжайының, ұйымдық-құқықтық нысанының және төлем деректемелерінің өзгерістері туралы жазбаша хабардар ету.
1.10 Сәйкестік сертификаттарын тоқтата тұрғаннан, жойғаннан немесе тоқтатқаннан кейін өтініш беруші сертификаттауға сілтемелері бар барлық жарнамалық материалдарды пайдалануды тоқтатуға және сертификаттау схемасында талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.
2.1. Сәйкестікті растау ережелері мен рәсімдері, Қазақстан Республикасының ТР/Кеден одағының ТР-да белгіленген өнімге қойылатын нормативтік талаптар туралы ақпаратты сұрату және уақтылы алу.
2.2 Кез-келген кезеңде жұмыстың барысы туралы ақпарат алу, Ө СРО жұмысында кемшіліктер табылған жағдайда жазбаша ескертулер енгізу.
2.3 Орындалған жұмыстардың сапасы бойынша Ө СРО жазбаша нысанда талап қою.