«Т-Стандарт» ЖШС сәйкестікті растау бойынша қызметті 1999 жылдан көрсетіп келеді. Осы жылдар ішінде біз өнімдер мен менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша бірегей тәжірибе жинадық. Компанияда білікті мамандар мен сарапшылардың мықты командасы қалыптасты. Біздің сынақ зертханаларымыз заманауи және дәлдігі жоғары жабдықтармен жабдықталған.
Біздің тұрақты клиенттеріміздің арасында-Қазақстан Республикасының мұнай-газ және басқа да жобаларына жабдықтар мен материалдар жеткізетін ірі шетелдік кәсіпорындар бар.
Бүгінгі таңда «Т-Стандарт» ЖШС Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау бойынша қызметтер нарығында неғұрлым табысты және серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып табылады және аккредиттеудің ең кең салаларының біріне ие.