Өнімді сертификаттау
Қазақстанда жеткізілетін және өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау және қамтамасыз ету құралдарының бірі болып оның сәйкестігін растау табылады.
Қазақстандағы сертификаттау қызметтерінің заңнамалық және нормативтік-құқықтық негізі болып «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VI ҚРЗ Заңы және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері табылады.
Қазақстан Республикасының Кеден одағына кіруімен (қазіргі таңда бұл Еуразиялық экономикалық одақ) сертификаттау саласы сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен және Еуразиялық экономикалық одақтың/Кеден одағының (ЕАЭО/КО) техникалық регламенттерімен реттеледі
ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАН
Өнімдерді сертификаттау жөніндегі орган «T-Стандарт» ЖШС 1999 жылдан бастап сәйкестікті растау қызметтерін көрсетіп келуде.
Бүкіл осы жылдар бойы біз өнімдердің сәйкестігін растау бойынша бірегей тәжірибе жинақтадық. Компанияда біліктілігі жоғары мамандар мен сарапшылардың күшті командасы қалыптасты.
«Т-Стандарт» ЖШС өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне сәйкестігін растау құқығына «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-мен аккредиттелген, және ЕАЭО-ның Сертификаттау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген. 2019 жылғы 09 тамыздағы № KZ.O.02.0525 Аккредиттеу аттестаты.
Біздің тұрақты клиенттеріміздің қатарына Қазақстан Республикасының мұнай-газ және басқа да жобалары үшін жабдық пен материалдарды жеткізетін ірі шетелдік кәсіпорындар кіреді.
Қазіргі таңда «Т-Стандарт» ЖШС Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау бойынша қызметтер нарығындағы ең табысты және серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып табылады және аккредиттеудің ең кең бағыттарының біріне ие.
«Т-СТАНДАРТ» ЖШС СРО ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ:
- құзыреттілік
- жауапкершілік
- өз міндеттерін орындаудағы ұқыптылық
КО ТР 004/2011 «Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 010/2011 «Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы»;
КО ТР 012/2011 «Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы»
КО ТР 014/2011 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі»
КО ТР 016/2011 «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы»
КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі»;
КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
ТР КО 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»;
КО ТР 032/2013 «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы»
ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттардың қолданылуын шектеу туралы»
ЕАЭО ТР 043/2017 «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы»
ИИДМ-нің 2023 жылғы 09 маусымдағы №435 Бұйрығымен бекітілген ҚР «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ТР
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы №1202 Қаулысымен бекітілген ҚР «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1353 Қаулысымен бекітілген ҚР «Металл құрылмалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1398 Қаулысымен бекітілген ҚР «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР
ҚР ТЖМ № 405 Бұйрығымен бекітілген ҚР «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №1198 Қаулысымен бекітілген ҚР «Темірбетон және бетон құрылмаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №1265 Қаулысымен бекітілген ҚР «Ағаш құрылмалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 Қаулысымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР
Сондай-ақ, «Т-СТАНДАРТ» ЖШС-нің СРО аккредиттеу саласына олардың техникалық регламенттері жоқ, бірақ ҚР-да ерікті сертификаттауға жататын өнімдер кіреді:
- кернеуі 1000 В-тан жоғары электртехникалық өнімдер;
- полиэтиленнен, ПВХ-дан, целлюлозадан, полимерлерден жасалған бұйымдар;
- шыны, шыныдан жасалған бұйымдар;
- маталар және олардан жасалған техникалық мақсаттағы бұйымдар;
- болат илем, болат таспа мен табақ, құйма бұйымдар және жартылай дайын өнімдер.
СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ТӨМЕНДЕГІ НЫСАНДАРДЫҢ БІРЕУІ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
Сертификаттау – аккредиттелген сертификаттау жөніндегі орган ол арқылы өнімдердің Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін техникалық регламенттердің және/немесе стандарттардың талаптарына сәйкес келетінін куәландыратын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын растау рәсімі.
Сәйкестікті декларациялау – өнімдер өндіруші немесе жеткізуші ол арқылы өнімдердің Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін техникалық регламенттердің және/немесе стандарттардың талаптарына сәйкес келетінін куәландыратын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын растау рәсімі.
Өнімдер, егер оларға Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері немесе ЕАЭО/КО ТР қолданылатын болса, сондай-ақ өнімдер Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Кеден одағы шеңберінде бірыңғай құжаттардың берілуімен сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесі» атты № 620 Шешімінің әрекеті аясына түсетін болса, міндетті сертификатталуға/декларациялануға жатады.
Өнімдер, егер оларға Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері немесе ЕАЭО/КО ТР қолданылатын болса, сондай-ақ өнімдер Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Кеден одағы шеңберінде бірыңғай құжаттардың берілуімен сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесі» атты № 620 Шешімінің әрекеті аясына түсетін болса, міндетті сертификатталуға/декларациялануға жатады.
Сәйкестік туралы сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялар өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын құжаттар ретінде бірдей заңды күшке ие және өнімдердің сәйкестігін растаудың әртүрлі нысандары ғана болып табылады.
Өнімдердің әрбір түрі бойынша сәйкестікті растау нысаны (сертификат немесе декларация) тиісті техникалық регламентте айқындалады.
Өнімдерді сертификаттау/декларациялау бойынша жұмыстарға ақы төлеуді Арыз беруші шарттық негізде жүзеге асырады.
ЕАЭО сертификаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге берілуі мүмкін. Өтінім берушілер ретінде өндірушілер, сатушылар/жеткізушілер, сондай-ақ тиісті шарт негізінде шетелдік өндірушінің функцияларын атқаратын кәсіпорындар әрекет ете алады.
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
ЕАЭО сәйкестік сертификаты – бұл сертификатталатын бұйымның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)/Кеден одағының (КО) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
ЕАЭО сәйкестік сертификаттары бүкіл ЕАЭО аумағында жарамды, және олар бойынша ЕАЭО сертификаты берілген талаптарға сәйкес ұлттық сәйкестік сертификаттарын алу үшін ЕАЭО-ға мүше елдерде қайта сертификаттауды қажет етпейді.
ЕАЭО Сәйкестік сертификаты тауарларды әкелу (импорттау) үшін, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға мүше елдердің (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) аумағында өткізу және айналдыру үшін қажет.
Сертификат белгіленген үлгідегі бланкіде рәсімделеді және сертификаттау жөніндегі органның мөрімен куәландырылады. Сертификаттау органы рәсімдеген барлық сертификаттар міндетті тіркеуден өтеді және берілген Сәйкестік сертификаттарының Бірыңғай электрондық тізіліміне енгізіледі.
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы – бұл декларацияланатын бұйымның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)/Кеден Одағының (КО) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
ЕАЭО сәйкестік туралы декларациялары бүкіл ЕАЭО аумағында жарамды, және олар бойынша ЕАЭО сертификаты рәсімделген талаптарға сәйкес ұлттық сәйкестік туралы сертификаттарды/декларацияларды алу үшін ЕАЭО-ға мүше елдерде қайта растауды қажет етпейді.
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
ЕАЭО Сәйкестік туралы декларациясы тауарларды әкелу (импорттау) үшін, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға мүше елдердің (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) аумағында өткізу және айналдыру үшін қажет.
Сәйкестік туралы декларация А4 пішіміндегі ақ қағазда рәсімделеді және өтінім берушінің мөрімен куәландырылады.
Барлық рәсімделген декларациялар сертификаттау жөніндегі органда міндетті тіркеуден өтеді және Сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай электрондық тізіліміне енгізіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты — бұл сертификатталатын өнімдердің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің немесе Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарының (мысалы, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын стандарттардың) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаттары тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана әрекет етеді.
СЕРТИФИКАТТАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Жалпы, ЕАЭО сертификатын алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне төмендегілер кіреді:
- Сертификаттауға ұсынылатын өнімдер туралы ақпарат (өнімдер атауы, мақсаты, түрі/үлгісі, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, өндіруші, елі)
- Өнімдердің пайдалану құжаттары (төлқұжат, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, каталог)
- Зауыттық сынақтар туралы есептер, хаттамалар, өнімдер тестілері.
- Материалдар мен жиынтықтаушы бұйымдарға арналған сәйкестік сертификаттары немесе олардың сынақтары туралы есептер (жиынтықты жабдық үшін).
- Өнімдер оларға сәйкес жасалатын нормативтік құжаттардың атауы мен белгіленуі
- Өнімдерді сақтау шарттары мен мерзімдері, сондай-ақ өнімдердің қызмет ету мерзімі туралы ақпарат
- Өндіруші кәсіпорынның заңды және нақты мекенжайлары туралы ақпарат
- Өндірушінің сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001 стандартына сәйкестігі туралы сертификат (бар болса).
- Өнімді таңбалау үлгісі (мысалы, фотосурет немесе таңбалау тақтайшасының сызбасы)
- Түсіндірме жазба/қауіпсіздік негіздемесі (тәуекелдер талдауын, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең аз қажетті шаралар туралы құрастырымдық, пайдалану және технологиялық құжаттаманың мәліметтерін қамтитын құжат) (Кеден одағының техникалық регламенттерінің әрекеті таралатын өнімдер үшін)
- Өтінім беруші туралы құжаттар мен мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, өтінім берушінің заңды және нақты мекенжайлары туралы мәліметтер, телефоны/факсы, электрондық поштасы, банк деректемелері: ағымдағы шот, БСК, Кбе, БСН, компания басшысының лауазымы және А.Ә.Т.)
- Өтінім беруші мен өндіруші арасындағы өнімдердің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі үшін өтінім берушінің жауапкершілігі туралы шарт (Кеден одағының техникалық регламенттерінің әрекеті таралатын өнімдерді сериялық сертификаттаған кезде).
- Тауарлардың ілеспе құжаттары (инвойс немесе өнімдерді жеткізу туралы шарт, кедендік декларация) – топтаманы/жеке бір өнімді сертификаттаған кезде
Сондай-ақ, өнімдердің белгілі бір түрлері үшін қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін.
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН АЛУ РӘСІМІ
ЕАЭО сәйкестік сертификатын алу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
- өтінім берушінің сертификаттау жөніндегі органға өтінім беруі (өтініммен бірге белгілі бір тізімге сәйкес құжаттар ұсынылады);
- мәлімделген өнімдерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін анықтау мақсатында органның өтінімді қарауы және ұсынылған құжаттарды алдын ала талдауы;
- өтінім берушімен жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу және шарт жасасу;
- өнімдерді сәйкестендіру және/немесе үлгілерді алу (сертификаттау сұлбасына байланысты);
- аккредиттелген сынақ зертханасында өнім үлгілерін сынау (егер бұл сертификаттау сұлбасында ескерілген болса);
- өндіріс жағдайына талдау жүргізу (егер сертификаттау сұлбасында ескерілген болса);
- сынақтар нәтижелерін қарау, өндіріс жағдайын, ұсынылған құжаттаманы талдау және сәйкестік сертификаттарын беру туралы шешім қабылдау;
- сәйкестік сертификаттарын рәсімдеу, тіркеу және беру;
- сәйкестік сертификаттарын рәсімдеу, тіркеу және беру;
КӨҢІЛ БӨЛІНЕТІН ЗАТ:
- Қазақстан Республикасында немесе басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекетте тіркелген заңды тұлға ғана өтінім беруші бола алады. Бұл заңды тұлға ұсынылған өнімдер өндірушісі немесе жеткізушісі болуы тиіс немесе ЕАЭО елдерінің аумағынан тыс орналасқан өндірушімен өтінім берушінің ЕАЭО аумағындағы өндірушінің уәкілетті тұлғасы екенін растайтын шарты болуы тиіс, және ЕАЭО аумағына жеткізілетін өндіруші өнімдерінің тиісті ЕАЭО/КО талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН АЛУ РӘСІМІ
Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификатын алу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
- мәлімделген өнімдерді сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін анықтау мақсатында органның өтінімді қарауы және ұсынылған құжаттарды алдын ала талдауы;
- өтінім берушімен жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу және шарт жасасу;
- өнімдерді сәйкестендіру және/немесе үлгілерді алу (сертификаттау сұлбасына байланысты);
- аккредиттелген сынақ зертханасында өнім үлгілерін сынау (егер бұл сертификаттау сұлбасында ескерілген болса);
- өндіріс жағдайына талдау жүргізу (егер сертификаттау сұлбасында ескерілген болса);
- сынақтар нәтижелерін қарау, өндіріс жағдайын, ұсынылған құжаттаманы талдау және сәйкестік сертификаттарын беру туралы шешім қабылдау;
- сәйкестік сертификаттарын рәсімдеу, тіркеу және беру;
- сертификатталған өнімдерге жыл сайынғы инспекциялық бақылау жүргізу (сериямен өндірілетін өнімдерді сертификаттаған кезде).
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУ РӘСІМІ
ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясын тіркеу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
- өтінім берушінің сертификаттау жөніндегі органға өтінім беруі (өтініммен бірге белгілі бір тізімге сәйкес құжаттар ұсынылады);
- мәлімделген өнімдер декларациясын тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін анықтау мақсатында органның өтінімді қарауы және ұсынылған құжаттарды алдын ала талдауы;
- өтінім берушімен жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу және шарт жасасу;
- өнімді сәйкестендіру;
- ұсынылған құжаттарды түпкілікті талдау және сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдау;
- сәйкестік туралы декларацияны рәсімдеу, тіркеу және беру.
КӨҢІЛ БӨЛІНЕТІН ЗАТ:
- Қазақстан Республикасында немесе басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекетте тіркелген заңды тұлға ғана өтінім беруші бола алады Бұл заңды тұлға ұсынылған өнімдер өндірушісі немесе жеткізушісі болуы тиіс немесе ЕАЭО елдерінің аумағынан тыс орналасқан өндірушімен өтінім берушінің ЕАЭО аумағындағы өндірушінің уәкілетті тұлғасы екенін растайтын шарты болуы тиіс, және ЕАЭО аумағына жеткізілетін өндіруші өнімдерінің тиісті ЕАЭО/КО талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты болады.
ӨТІНІМ/ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Нәтижелеріне қарамастан өнімдердің сәйкестігін растау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты барлық шығыстарды белгіленген тәртіппен төлеу.
1.2 Жыл сайынғы инспекциялық бақылау мен «Т-Стандарт» ЖШС (СРО) сертификаттау жөніндегі органы оған хабарлаған тиісті өзгерістерді іске асыруды қоса алғанда, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында белгіленген талаптарды сақтау және орындау.
1.3 Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда бұл фактіні бейтараптылыққа төнген қауіп болдырмау мақсатында СРО-ны хабардар ету.
1.4 Құжаттар мен жазбаларды қарауға ұсынуды, сондай-ақ тиісті жабдыққа, орналасқан жеріне, аумағына, қызметкерлер құрамы мен тапсырыс берушінің қосалқы мердігерлеріне қол жеткізуді қоса алғанда, сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдайларды жасау.
1.5 Өнімдерге арналған нормативтік құжаттарда ескерілген мөлшерде Орындаушыға сынақтар үшін өнімдер үлгілерін беру (егер бұл сәйкестікті растау жөніндегі сұлбада ескерілген болса).
1.6 Қажеттілікке қарай өнімдерді бағалау үдерісінде СРО тарапынан бақылаушылардың қатысу мүмкіндігін ұсыну.
1.7 Сәйкестікті растау бойынша жұмыстардың нәтижесі оң болған кезінде:
— тиісті ЕАЭО ТР/ КО ТР/ ҚР ТР белгілеген өнімдерді таңбалау және қаптау жөніндегі талаптарды сақтау;
— сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына жауапты болу, өнімдер сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
— сәйкестік сертификатын өнімдердің сертификатта көрсетілген НҚ пен ТР талаптарына сәйкес келетінін растау үшін ғана пайдалану;
— сәйкестік сертификатын СРО туралы теріс пікір тудыратындай етіп пайдаланбау;
— өз өнімдерінің сәйкестігін растауға қатысты жаңылыстыратын және/немесе негізсіз деп санауға болатын ешбір мәлімдеме жасамау;
— ақпарат құралдарында (құжаттарда, кітапшаларда, жарнамалық материалдарда) сәйкестік сертификатына сілтеме жасаған кезде СРО талаптарын сақтау.
1.8 Жасалған наразылықтар мен шағымдардың есебін жүргізу, олар бойынша тиісті шараларды қарау және қолдану, СРО сауалы бойынша олар туралы ақпарат беру.
1.9 СРО-ны 10 күндік мерзімде өнімдердің құрылмалық және технологиялық өзгерістері және оларды өндіру мен таңбалау үдерісі, сондай-ақ өзінің заңды мекенжайының, ұйымдық-құқықтық нысанының және төлем деректемелерінің өзгерістері туралы жазбаша хабардар ету.
1.10 Сәйкестік сертификаттарын тоқтата тұрғаннан, жойғаннан немесе әрекетін тоқтатқаннан кейін өтінім беруші сертификаттауға сілтемелері бар барлық жарнамалық материалдарды пайдалануды тоқтатуға және сертификаттау сұлбасында талап етілетін шараларды қолдануға міндетті.
2.1. Сәйкестікті растау ережелері мен рәсімдері, Қазақстан Республикасының ТР-да/Кеден одағының ТР-да белгіленген өнімдерге қойылатын нормативтік талаптар туралы ақпаратты сұрату және дер кезінде алу.
2.2 Кез-келген кезеңде жұмыстың барысы туралы ақпарат алу, Ө СРО жұмысында кемшіліктер табылған жағдайда жазбаша ескертулер енгізу.
2.3 Орындалған жұмыстардың сапасы бойынша Ө СРО-ға жазбаша нысанда наразылық білдіру.