Менеджмент жүйелері

Менеджмент жүйелерін сертификаттау

Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) сәйкестік сертификаты – бұл сертификатталатын өндіріс менеджмент жүйесінің белгіленген тиісті стандарттар талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сертификат беруші аккредиттелген органның мөрімен куәландырыла отырып, арнайы бланкіде ресімделеді

Сертификаттау жөніндегі органында ресімделген барлық сертификаттар міндетті тіркеуден өтеді және аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген тәртіппен E-Cabinet жүйесінде МЖ берілген сәйкестік сертификаттарының бірыңғай электрондық тізіміне енгізіледі

Менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі орган

«Т-Стандарт» ЖШС менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша қызметтерді 2009 ж. көрсетіп келеді.

Осы кезеңде ҚР СТ ISO 9001 бойынша 500-ден аса сертификат, ҚР СТ ISO 14001 бойынша 300-ден аса сертификат және ҚР СТ ISO 45001 бойынша 200-ден аса сертификат берілді. 

«Т-Стандарт» ЖШС менеджмент жүйелері сәйкестігін растау жөніндегі органы ҚР СТ ISO 9001 стандартына, ҚР СТ ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйелері және ҚР СТ ISO 45001 кәсіпқой қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері бойынша сапа менеджмент жүйелері сәйкестігін растау құқығына «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттелген.

Аккредиттеу аттестаты № KZ.Q.02.0872 2020 ж. 07 желтоқсаннан.

Аккредиттеу облысы

«Сапа менеджмент жүйелері. Талаптар» – бұл халықаралық ISO 9001 стандартына ұқсас, ҚР ұлттық стандарты.

«Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар мен қолдану бойынша басшылық» – бұл халықаралық ISO 14001 стандартына ұқсас, ҚР ұлттық стандарты.

«Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджмент жүйелері. Талаптар мен қолдану бойынша басшылық» – бұл халықаралық ISO 45001 стандартына (ҚР СТ OHSAS 18001 орнына) ұқсас, ҚР ұлттық стандарты.

Менеджмент жүйелерін сертификаттауды жүргізудің негізгі мақсаттары

Менеджмент жүйелерін сертификаттау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Сертификаттау жүйесінің құжаттарын регламенттейтін стандарттардың талаптарына, құжатталған рәсімдерге сәйкес жүргізіледі.

ҚР СТ ІЅО 9001: ҚР СТ ISO 14001, ҚР СТ ISO 45001 стандарттарымен үйлесімді және менеджменттің интеграцияланған жүйесін құруға негіз болады. «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРО бірден бірнеше стандартқа сәйкестікке біріктірілген менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша қызметтерді ұсынады – бұл сертификаттауға арналған шығыстарды оңтайландыруға және менеджмент жүйесінен кешенді баға алуға мүмкіндік береді.

Менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша қызметтердің бағасы көптеген факторларға тәуелді, бірінші кезекте – өндіріс көлемінен, оның қызметтерінің түрінен және персоналдың санынан.

Менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша жұмыстардың бағасын және жүргізу мерзімін анықтау үшін толтырылған өтінім формасын office@tst.kz жіберіңіз

Менеджмент жүйесін енгізудің артықшылықтары

ҚР СТ ISO 9001 бойынша сапа менеджмент жүйесін сертификаттау – бұл өнімді немесе қызметті өндіру және компанияны басқару процесін тікелей сертификаттау. Сапа менеджменті жүйесін енгізудің негізгі артықшылықтары:

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ (ҚР СТ ISO 14001)

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ (ҚР СТ ISO 45001)

ҚР СТ ISO 9001, ҚР СТ ISO 14001 және ҚР СТ ISO 45001 стандарттары бір-бірімен үйлесімді, ҚР СТ ISO 9001 біріктірілген менеджмент жүйесін құру үшін негіз болып табылады.

«Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ бірден бірнеше стандартқа сәйкестікке біріктірілген менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша қызметтерді ұсынады – бұл сертификаттауға арналған шығыстарды оңтайландыруға және менеджмент жүйесінен кешенді баға алуға мүмкіндік береді.

МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН СЕРТИФИКАТТАУ ПРОЦЕССІ

Менеджмент жүйелерін сертификаттау процесі ұйымдастыру кезеңін, екі кезеңді бастапқы сертификаттау аудитін, сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде және сертификаттаудың үш жылдық циклынан кейін сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайта сертификаттауды (инспекциялық бақылау) көздейді.

СЕРТИФИКАТТАУ КЕЗЕҢІ:
Жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін Тапсырыс беруші менеджмент жүйесін (жүйелерін) сертификаттауға өтінім беруі, сондай-ақ кейіннен «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ ұсыну үшін құжаттар жиынтығын дайындауы қажет. Қосымша сұратылған ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, Тапсырыс беруші «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ-ға қажетті құжаттама мен ақпаратты келісілген мерзімде ұсынуға міндетті.
«Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ өтінімді қарап, ол бойынша шешім қабылдайды, Тапсырыс берушіге коммерциялық ұсыныс пен жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу үшін «сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге» Шарттың (бұдан әрі – шарт) жобасын жібереді; аудит жөніндегі комиссияны қалыптастырады.
Алғашқы сертификаттау аудитінің бірінші кезеңі:
АЛҒАШҚЫ СЕРТИФИКАТТАУ АУДИТІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ (АУДИТ «ОРНЫНДА»):
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ:
СЕРТИФИКАТТАЛҒАН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ:

Тапсырыс беруші «орнында» инспекциялық аудит жүргізуден бас тартқан немесе инспекциялық аудит жүргізуге кедергі келтірген жағдайда (оның ішінде шартта белгіленген мерзімде, қойылған шоттар бойынша төлем болмаған жағдайда) немесе орналасқан жерін анықтау немесе өтініш берушімен байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда, «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРО кейіннен уәкілетті мемлекеттік органдарды белгіленген тәртіппен міндетті түрде хабардар ете отырып, бұрын берілген сәйкестік сертификаттарының күшін жоюға, сондай-ақ ақпаратты «Т-Стандарт» ЖШС ресми сайтында орналастыруға құқылы.

ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУ ПРОЦЕССІ
Қайта сертификаттау жүргізу тәртібі сертификаттау жүргізу тәртібіне ұқсас.
Қайта сертификаттау аудиті қамтиды:

сәйкестік сертификаты әректі мерзімі аяқталғанға екі ай қалғанда Тапсырыс беруші «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРО қайта сертификаттауға өтінім жібереді.

қайта сертификаттау аудиті барысында сәйкестік куәліктерінің сәйкес келмеуі немесе болмауы жағдайларын сәйкестендіру кезінде МЖ СРО Тапсырыс беруші бұрын берілген сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) қолданылу мерзіміне (аяқталуына) дейін орындайтын түзетулерді және түзету іс-қимылдарын орындау мерзімдерін белгілейді.

Тапсырыс беруші МЖ СРО-мен келісілген мерзімде қажетті түзету іс-қимылдарын орындаған жағдайда немесе қайта сертификаттау аудитін жүргізу кезінде сәйкессіздіктерді анықтау (оң нәтиже) болмаған кезде МЖ СРО белгіленген тәртіппен жаңа сәйкестік сертификатын ресімдеу мүмкіндігі туралы шешім шығарады, бұл ретте алдыңғы сертификаттың нөмірі сақталады.

Тапсырыс беруші «орнында» қайта сертификаттау аудитін жүргізу кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету әрекеттерін МЖ белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайда, бұрын ресімделген сәйкестік сертификаттары өз қолданысын тоқтатады және ұзартуға жатпайды.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Менеджмент жүйесін (лерін) (әрі қарай — МЖ) сертификаттауға қажетті құжаттардың алдын ала тізімі (жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін):
Менеджмент жүйесін сертификаттауға қажетті құжаттардың толық тізімі (жұмыстарды жүргізуді бастау үшін):
Сонымен қоса «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ МЖ құжаттарын талдау жүргізу үшін («орнында» аудитін жүргізуге дейін) қосымша талап етуі мүмкін:

СЕРТИФИКАТТЫ ТОҚТАТА ТҰРУ, КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ СЕРТИФИКАТТАУ САЛАСЫН ҚЫСҚАРТУ

«Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ сертификаттың әрекетін тоқтатады:
Тапсырыс берушінің аудит жүргізуден бас тартуы:

Әрекет тоқтатылған кезде Тапсырыс берушінің менеджмент жүйесінің сертификаты уақытша жарамсыз болады.

МЖ сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді МЖ СРҰ басшысы, ол болмаған кезде МЖ СРҰ басшысының орынбасары немесе МЖ СРҰ бойынша уәкілетті бұйрықпен аудитке қатыспаған құзыретті тұлға қабылдайды.

Шешім тапсырыс берушіге ілеспе хатпен жіберіледі. МЖ растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартқа сәйкес МЖ сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде тапсырыс беруші МЖ сертификаттауға сілтемелерді тоқтатуға міндеттенеді.

Тапсырыс беруші белгіленген мерзімде сертификаттың тоқтатылуын тудырған мәселелерді шешпеген жағдайда МЖ СРҰ басшысы сертификаттың қолданылуын жою немесе сертификаттау саласын қысқарту жөнінде шаралар қабылдайды. «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРҰ белгілеген сәйкестік сертификаттарын тоқтата тұру мерзімі 6 айдан аспайды.
Сертификаттау саласын тоқтата тұру, жою және /немесе қысқарту кезінде МЖ СРҰ аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген тәртіппен Е-Сabinet жүйесінде осы ақпаратты орналастыру арқылы осы ақпаратты жалпыға қолжетімді етеді.