Сапа саласындағы саясат жөніндегі мәлімдеме
Сапа саласындағы саясат жөніндегі мәлімдеме
Сапа саласындағы саясат жөніндегі мәлімдеме
«Т-Стандарт» ЖШС менеджмент жүйелері сәйкестігін растау жөніндегі органы «Т-Стандарт» ЖШС МЖ СРО сапа саласындағы басты мақсаты менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы құзыреттілік пен сенімділікті тану болып табылады.
- Шешім қабылдаудағы бейтараптық;
- Объективті дәлелдер негізінде шешімдер шығару;
- Персоналдың құзыреттілігі;
- Сәйкестікті растау жүргізу процессіне қатысты ақпараттың ашықтығы;
- Тапсырыс беруші туралы жеке мәліметтердің құпиялылығы;
- Шағымдарға жауап беру.
- МЖ СРҰ қызметін жоғары ұйымдастырушылық және техникалық деңгейде қолдау.
- Белгіленген талаптарға сәйкес келу және барлық сертификаттау қатысушыларының сенімін қамтамасыз ету.
- Ұқсас қызметтер көрсететін сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдар арасында бәсекеге қабілеттілікті қамтамсыз ету.
- ҚР СТ ISO/IEC 17021-1 «Сәйкестікті бағалау. Аудит және менеджмент жүйелерін сертификаттауды жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптары деңгейіне сәйкес келетін менеджмент жүйесі сертификаттау жөніндегі жұмыстардың деңгейін қамтамсыз ету;
- барлық қызметкерлерге сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың сапасын қамтамсыз ету саласындағы қойылған мақсаттарды түсіндіру;
- келіспеушіліктердің (апелляциялардың) туындау мүмкіндігін болдырмай, аккредиттеуші органның сертификаттау жөніндегі органдарына қойылатын талаптарды орындау;
- «Т-Стандарт» ЖШС менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстау, оны "Т-Стандарт" басшылығы тарапынан ішкі тексерулер мен талдау жолымен жетілдіру;
- персоналдың біліктілігін тұрақты арттыруға жәрдемдесу, өз жұмысында клиенттер мен аккредиттеу органының беделіне нұқсан келтірмеуге ұмтыла отырып, кәсіби этиканы қатаң басшылыққа алу;
- МЖ СРҰ қызметіне қызығушылық танытқан ұйымдардың қажеттіліктері мен үміттерін үнемі зерттеуге ықпал ету.
Жоғары басшылық өзіне менеджмент жүйелерін сертификаттаудың бейтараптығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдайды. Менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде бейтараптықтың маңыздылығын түсіне отырып, МЖ СРҰ мүдделер қақтығысын басқарады және менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша өз әрекеттерінің объективтілігіне кепілдік береді.
Жоғары басшылық сапа саласындағы саясатты әзірлеуге және іске асыруға, менеджмент жүйесін үнемі жақсартуға дербес жауапты болады және барлық персоналды баяндалған қағидаттарды мүлтіксіз ұстануға шақырады.