Сапа саласындағы
саясат жөніндегі мәлімдеме
Сапа саласындағы саясат жөніндегі мәлімдеме
Сапа саласындағы саясат жөніндегі мәлімдеме
«Т-Стандарт» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы «Т-Стандарт» ЖШС Ө СРО сапа саласындағы басты мақсаты аккредиттеу саласына сәйкес өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолымен Ө СРО құзыреттілігі мен сенімділігін тану болып табылады.
Қойылған міндеттерге жету үшін біз келесі принциптерді анықтадық:
- Шешім қабылдаудағы бейтараптық;
- Объективті дәлелдер негізінде шешім шығару;
- Персоналдың құзыреттілігі;
- Сәйкестікті растау жүргізу процессіне қатысты ақпараттың ашықтығы;
- Тапсырыс беруші туралы жеке мәліметтердің құпиялылығы;
- Шағымдарға жауап беру.
Сапа саласында ӨСРО өз алдына келесі мақсаттарға жетуді қояды:
- ӨСРО қызметін жоғары ұйымдастырушылық және техникалық деңгейде ұстау;
- Белгіленген талаптарға сәйкес болу және өнімнің сәйкестігін растауға мүдделі барлық тараптардың сенімін қамтамасыз ету;
- Ұқсас қызметтер көрсететін сәйкестікті растау жөніндегі органдар арасында бәсекеге қабылеттілікті қамтамсыз ету.
Сапа саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Т-Стандарт» ЖШС ӨСРО басшылығы өзіне келесі міндеттемелерді алады:
- МСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарының тұрақты орындалуын қамтамасыз ету және көрсету;
- ӨСРО барлық қызметкерлеріне сәйкестікті растау жөніндегі жүргізілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз саласындағы қойылған мақсаттарды түсіндіру;
- Аккредиттеуші органдарға қойылатын талаптарды орындау;
- ӨСРО менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстау;
- Персоналдың біліктілігін тұрақты арттыруға жәрдемдесу, өз жұмысында тапсырыс берушілер мен аккредиттеуші органның беделіне нұқсан келтірмеуге ұмтыла отырып, кәсіби этиканы қатаң басшылыққа алу;
- ӨСРО қызметіне мүдделі ұйымдардың қажеттіліктері мен үміттерін үнемі зерделеуге ықпал ету.