Қызмет

Сайт бойынша іздеу


Online керекті затты мәлімдеу

Басты бет» Әділдік туралы мағлұмдама

9. Әділдік туралы мағлұмдама

«Т-Стандарт» ЖШС СРО МЖ менеджмент жүйесін сертификаттау жұмыстарын әділ өткізу маңыздылығын түсіне отырып әділдік туралы мағлұмдамасын қабылдады:


 

Мағлұмдама әділдік және тәуелсіздік туралы

 Біз, төменде қол қоюшылар:

- «Т-Стандарт» ЖШС СРО МЖ  жоғары басшылығы;

- Басқарушы Кеңес мүшелері (Апелляциялық комиссия) және «Т-Стандарт» ЖШС СРО МЖ қызметкерлері;

- Әділдік Комиссияның мүшелері, сәйкестікті растау жұмыстарының әділдік және тәуелсіздік қағидаттарын орындау маңыздылығын түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттерді жүктейміз::

- коммерциялық, қаржылық қысым көрсетпей және басқа да біздің әділдігімізді әшкерелейтін әрекеттер жасамай әділ жұмыс істейміз;

біз білетін және бізді немесе сәйкестікті растау органың мүдделер жанжалына тартатын жағдайлар жайында хабарлау (әділдік қағидаттарына қауіп төндіретін тапсырысшылармен жеке қарым-қатынастар және меншік құқығы, өзара шарт,  қаржы, комиссиялық ақымен байланысты қарым-қатынастар);

- СРО тапсырысшыларына сәйкестікті растау жұмыстары жайында консультация өткізбеу және ұсынбау;

- тек әділ сәйкестік (немесе сәйкессіздік)  айғақтар негізінде шешім қабылдау, шешім қабылдауға жеке немесе басқа тараптардың қызығушылығының ықпалын тигізбеу,  «Т-Стандарт» ЖШС басшылығын және Әдәлдік Комиссиясын сәйкестікті растау жұмыстарын өткізу кезіндегі барлық коммерциялық, каржылық немесе басқа қысым көрсету жағдайлары жайында мәлімдеу.

Ішкі және сыртқы тұтынушылармен қарым-қатынаста әдепті, ашық және қабілетті болу,  жағдайды дұрыс түсіну және де  көрсетілген қысымға қарамастан қабылданған шешім және нәтижелерге адалдықты сақтау.

 

 «Т-Стандарт» ЖШС СРО қызметкелері,

Әділдік Комиссияның мүшелері.