КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Т-Стандарт» ЖШС 1999 жылдан бастап сәйкестікті растау қызметтерін көрсетіп келуде. Бүкіл осы жылдар бойы біз сәйкестікті растау бойынша бірегей тәжірибе жинақтадық. Компанияда біліктілігі жоғары мамандар мен сарапшылардың күшті командасы қалыптасты. Біздің сынақ зертханаларымыз заманауи және дәлдігі жоғары жабдықпен жарақтандырылған.

Біздің тұрақты клиенттеріміздің қатарына Қазақстан Республикасының мұнай-газ және басқа да жобалары үшін жабдық пен материалдарды жеткізетін ірі шетелдік кәсіпорындар кіреді.

Қазіргі таңда «Т-Стандарт» ЖШС Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау бойынша қызметтер нарығындағы ең табысты және серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып табылады және аккредиттеудің ең кең бағыттарының біріне ие.

ТҮРЛІ БИЗНЕС-МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІМДЕРІ

СЕРТИФИКАТТАУ СЫНАҚ ОРТАЛЫҒЫ

«Т-Стандарт» ЖШС зертханалары өзінің аккредиттеу саласына сәйкес сынақтарды жүргізуге қажетті құрал-жабдықпен жасақталған.

«АТЫРАУ» ФИЛИАЛЫНЫҢ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ

Атырау қаласындағы сынақ зертханасы «Т-Стандарт» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген.

ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАН

«Т-Стандарт» ЖШС өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне сәйкестігін растау бойынша қызметтерді көрсетеді, және ЕАЭО-ның Сертификаттау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген.

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК

«Т-Стандарт» ЖШС біліктілігі жоғары аттестатталған қызметкерлер құрамы мен көп жылдық жұмыс тәжірибесіне ие бола тұра, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы толық қызметтер кешенін іске асырады.

ҰСЫНЫМ ХАТТАР